"Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары" тақырыбында тәрбие сағаттары
Меркі ауданының білім бөлімінің 02.02.2024 жылғы №194 шығыс хатына сәйкес 05-28 ақпан аралығында «Құқықтық тәрбие-құқықбұзушылықтың алдын алу» айлық аясында 2024 жылдың 13 ақпан күні 1 – 6 сынып жетекшілері айлықтың жоспарына сай
"Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдары" тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.
Мектеп медбикесі Салгараева Э. білім алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:Білім алушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаттарында білім алушылар денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітті.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.