"Нашақорлық аса қауіпті дерт" » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Нашақорлық аса қауіпті дерт"
08
апрель
2024

"Нашақорлық аса қауіпті дерт"

      Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 02.04.2024 жылғы №618 хатына сәйкес «Нашақорлық және мінез құлықтың алдын алу» көктемгі айлығын өткізу барысында « Нашақорлық аса қауіпті дерт» тақырыбында мектеп медбикесі Салгараева Э. 8-11 сынып оқушылармен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Кездесуде тақырып бойынша қажетті ақпараттар беріліп, арнайы таныстырылым мен бейнероликтер көрсетілді.

     Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға бейімділігін арттыру, есірткіні және психотроптық заттарды пайдаланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кездесу барысында нарколог маман оқушыларға нашақорлықтың алдын алу, темекі шегу, ішімдіктің зияны туралы толық мағлұмат берді. Оқушылар дәрігерге бірқатар сұрақтар қойып, жауап алды. «Нашақорлық-қауіпті дерт» атты бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар келген мамандарға сұрақтар қойып, жауаптар алды. 
 — Есірткі – адамның өміріне жақсылық әкелмейтінін сіздер жақсы білесіздер. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Сондықтан жастар, өздеріңізді Қазақстанның болашағы екендіктеріңізді сезіне отырып, нашақорлыққа қарсы күресуіміз керек. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек! — деді кездесуге келген нарколог маман.
 Нашақорлық – еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет. Қазақстанның жарқын болашағы үшін біз нашақорлыққа қарсы аянбай күресуіміз керек!