Ата -аналар жиналысы
№6 Жалпы орта білім беретін мектебі 2024-2025 оқу жылы
Ата - аналар жиналысы
Хаттама №2
Күні:23.12.2024 жыл
Өтілген орны: АКТ залы
Қатысқандар:
Мектеп директоры: Менилбеков.Б.С.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Миравилдаева Ұ
ДҚТЖО: Сейтқазиева Ж
Ата- аналар комитеті
Хатшы: Қожайбаева Д.
Күн тәртібінде:
- Жаңа жылдық мереке қарсаңында, мереке кезінде және қысқы демалыс кезінде (30.12- 08.01.2025) оқушылардың өмір қауіпсіздіктері,суықтан,мұздан,су айдындарынан,жол қауіпсіздігі ережесі бойынша қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету.
- Мектептегі мерекелік іс- шаралар кезінде пиротехникалық заттарды қолдануға тыйым салынады, қоғамдық орындарда жанатын заттарды қолдануға тыйым салынатындығы туралы.
- Мектеп қажеттілігіне деп ата- анадан,оқушылардан әр түрлі мақсатта қаражат жинауға, әртүрлі заттай сый-сияпат жасауға болмайтындығы туралы.
- Оқушылар арасында қылмыс пен құқық пен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата- аналар мен бірлескен жұмыстарды атқару.
Тыңдалды:
Мектеп директоры Б.С. Менилбеков пен ДТІЖО У.А. Миравилдаева, ДҚТЖО Ж.Сейтқазиева мектеп ата ана комитет мүшелерімен кезекті жиналыс ұйымдастырып өткізді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директоры Б.С. Менилбеков сөз алып, толықтай түсіндіріп айтып шықты. Жаңа жылдық мереке қарсаңында, мереке кезінде және қысқы демалым кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздіктері,суықтан,мұздан,су айдындарынан,жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Келесі мәселе бойынша мектептегі мерекелік іс- шаралар кезінде пиротехникалық заттарды, қоғамдық орындарда жанатын заттарды қолдануға тыйым салынатындығын және де мектеп қажеттілігіне деп мектеп ұжымынының тарапынан ата- анадан,оқушылардан әр түрлі мақсатта қаражат жинауға, заттай сый-сияпат жасауға болмайтындығы ескертіліп, осындай іс әрекет орын алған жағдайда ескерту керектігінің маңыздылығын жеткізді.
ДТІЖО У.А. Миравилдаева мереке қарсаңында оқушылар арасында қылмыс пен құқық пен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата- аналарға бірлескен жұмыстарды атқара отырып, балалардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуін, аудандық шараларға заңды өкілісіз жүрмеуін қатаң бақылауға алу керектігін ескертті.
Ата аналар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Үлкен сынып ата-ана комитет мүшелері сыныптардың мерекелік кеш жасау туралы сұрақты көтеріп,мектеп директор тарапынан нақты жауап алды. Әр қойылған сұрақ пен ұсынысқа нақты жауап беріліп,ата аналар өз разылықтарын білдіре отырып,барлық көтерілген мәселелер бойынша жауапкершілік танытатындықтарын айтты.
Шешім:
- Жаңа жылдық мереке қарсаңында, мереке кезінде және қысқы демалым кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздіктері,суықтан,мұздан,су айдындарынан,жол қауіпсіздігі ережесі бойынша қауіпсіздіктерін қамтамасыз етілсін.
- Мектептегі мерекелік іс- шаралар кезінде пиротехникалық заттарды, қоғамдық орындарда жанатын заттарды қолдануға тыйым салынсын.
- Мектеп қажеттілігіне деп ата- анадан,оқушылардан әр түрлі мақсатта қаражат жинауға, әртүрлі заттай сый-сияпат жасауға тыйым салынсын..
Мектеп директоры : Менилбеков Б.С.
ДТІЖО : Миравилдаева У.А.
Хатшы: Қожайбаева Д.Б.