"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"Д.А.Қонаев » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Біртұтас тәрбие бағдарламасы"Д.А.Қонаев
17
февраль
2025

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"Д.А.Қонаев

№6 жалпы орта білім беретін мектепте  2025 жылы 17- ақпан  күні тарих пәнінің мұғалімі Рахышова Р. 7- А сынып оқушыларымен  «Дара тұлға ізімен» тақырыбында  ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сабақтың мақсаты: Қонаевтың   өмірінен  оқушыларға    мағлұмат  беру.  Қонаев  атамыз туралы  ой-пікірлерін     арттыру.  Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін насихаттай отырып, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ғасырда емес,ғасырларда бір туатын ел құрметіне бөлінген адамдар болады.Халқының сыйлы заманының дара туған перзенті.Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев сұңғақ бойлы, ақсары өңді, жылы жүзді нар тұлғалы кісі болатын.
Қорытынды:"Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады" деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық. Әсіресе ол өмірі қауіп пен қатерде жүрген адамдарға тіптен алабөтен жакын сияқты. Оның басты қасиеттері адамсүйгіштігінде, әділеттілігінде, биік адамгершілігінде, нактылығында, істі терең білуінде.