07
октябрь
2025
Бала қауіпсіздігі, “Адал азамат “ біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмыстарының талаптары, ата аналар комитеті жұмыстарының трансформациялануы одан туындайтын міндеттер, үштік одақ жұмысын жандандыру, буллинг пен зорлық зомбылық әрекетте
Бүгін мектепте әрбір сыныптың және жалпы мектептің ата аналар комитетінің төрағаларымен тақырыптық кездесу ұйымдастырылып өтілді. Күн тәртібінде: Бала қауіпсіздігі, “Адал азамат “ біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмыстарының талаптары, ата аналар комитеті жұмыстарының трансформациялануы одан туындайтын міндеттер, үштік одақ жұмысын жандандыру, буллинг пен зорлық зомбылық әрекеттерінің алдын алу жұмыстары,баланы сабақтан себепсіз қалдырмау,сұранған жағдайда ата ананың жазбаша өтініші негізінде босатылатындығы және мерекелер қарсаңында ата аналардан мектеп әкімшілігіне, педагогтерге, сынып жетекшілерге деп қаржылай немесе заттай сый сыяпаттар алуға, беруге тыйым салынатындығы туралы түсіндіріліп, ақпараттар берілді. Ата аналар комитеттеріне мектеп өміріне белсенді араласа отырып, бала тәрбиесіне қатысты жұмыстарға атсалысу керектігі заман талабы екендігі нақты түсіндірілді