Құқық бұзушылықтың алдын алу » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу
10
ноябрь
2025

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға бағыну мен жауапкершілік сезімін арттыру, оқушылардың өз әрекетіне сын көзбен қарауына және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына ықпал ету.

Кездесуге қатысқандар: Кеңес ауылының УПИ полиция майоры Мадемаров Дидар Ақылбекұлы
Кеңес ауылының КТІЖ УПИ полиция капитаны Оспанбеков Ерболат Ашимбекұлы,
Полиция капитаны Касимов Бекнұр Даниярұлы

Мектеп директоры Б.С Менилбеков
ДҚІЖО Ж Сейтқазиева
8-11 сынып 
Кездесудің барысы“Жасөспірім және заң”, “Құқық бұзушылықтың түрлері және оның салдары” тақырыптарында баяндама жасады. Ол нақты мысалдар келтіре отырып, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірме берді. Әсіресе, интернеттегі теріс әрекеттер, бұзақылық, бөтеннің мүлкіне қол сұғу, сабақтан себепсіз қалу, мектеп аумағында және қоғамдық орындарда тәртіп бұзу мәселелеріне ерекше тоқталып өтті
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Мысалы:

“Егер достарым заңсыз іс-әрекетке итермелесе, не істеуім керек?”

“Интернеттегі буллинг үшін кім жауап береді?” сияқты сұрақтар талқыланды.

Нәтиже:
Кездесу жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, өз іс-әрекетіне сын көзбен қарау дағдылары қалыптасты.
Оқушылар құқық бұзушылықтың салдары туралы нақты түсінік алды және заңға бағынудың маңыздылығын ұғынды.