ӘР АДАМНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ НЕДЕ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗДІҢ АЛГОРИТМІ ҚАНДАЙ?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘР АДАМНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ НЕДЕ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗДІҢ АЛГОРИТМІ ҚАНДАЙ?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
08
декабрь
2025

ӘР АДАМНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ НЕДЕ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗДІҢ АЛГОРИТМІ ҚАНДАЙ?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.

№6 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың  8-желтоқсан күні 7-А сыныбында  «КИБЕРБУЛЛИНГІНІҢ ТҮРЛЕРІ. ӘР АДАМНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ НЕДЕ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗДІҢ АЛГОРИТМІ ҚАНДАЙ?»  тақырыбында  қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Мақсаты:  Оқушыларды кибербуллинг ұғымымен және оның түрлерімен таныстыру, интернеттегі агрессия мен қысым көрсетудің белгілерін ажырата білуге үйрету. Сонымен қатар, әр адамның интернеттегі әрекеті мен жауапкершілігі туралы түсінік беру, өзгені ренжітпеу және қиын жағдайда қалған адамдарға қолдау көрсетуге баулу.
 Оқушыларды  кибербуллинг ұғымдарымен және оның түрлерімен таныстырылып, кибербуллингінің әр түрінің қауіптілігі бар екенділігі туралы және кибербуллингіге тап болған кезде әрекет алгоритмі ұсынылды.
       Оқушыларға Қорқыту: әлеуметтік медиа, электрондық пошта немесе басқа онлайн платформалар арқылы қорлайтын хабарламалар, қауіптер немесе жағымсыз пікірлер жіберу. 
Жалған ақпаратты тарату: адамның беделіне нұқсан келтіру, жала жабуды немесе жалған ақпаратты тарату. 
Оқшаулау және елемеу: адамды онлайн топтардан мақсатты түрде алып тастау. 
Теріс пікірлер мен фотосуреттер: адамның келісімінсіз қорлайтын пікірлерді немесе фотосуреттерді орналастыру. Кибербуллингінің ең көп таралған түрлері: бойкот, профильді бұзу, троллинг, киберсталкинг. 
Қорқытудың кез келген түрі жәбірленушіге зиян тигізуі мүмкін. Балаға қорлаудың осы түрлері туралы айтып беріңіз және ата-анасы оған көмектесуге әрқашан дайын екендігі туралы талқылынды.

Цифрлық қауіпсіздік ережелерін меңгеру арқылы кибербуллингтен қорғану жолдарын түсіндіру және сындарлы әрекет ету алгоритмімен танысты.