Математика және информатика бірлестігінде маңызды мәселелер қаралды » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика және информатика бірлестігінде маңызды мәселелер қаралды
05
январь
2026

Математика және информатика бірлестігінде маңызды мәселелер қаралды

Математика және информатика бірлестігінде маңызды

мәселелер қаралды

      2026 жылдың 5 қаңтарында мектебімізде математика және информатика пән бірлестігінің кезекті отырысы ұйымдастырылып, оған пән бірлестігінің құрамындағы 6 мұғалім толықтай қатысты. Отырыстың негізгі мақсаты – оқу-тәрбие үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылау, білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру және мұғалімдердің кәсіби тәжірибесімен бөлісу болды.
Отырыста әдістемелік мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, сабақ барысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдалану тәжірибесі, оның тиімділігі мен мүмкіндіктері сөз болды. Бұл бағытта мазмұнды ақпарат пен нақты мысалдарды ДОЖЖО Г.Тескенбаева ұсынды. Ол заманауи білім беру талаптарына сай ЖИ технологияларын оқу процесіне енгізудің маңыздылығын атап өтіп, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, Г.Тескенбаева пән бірлестігінің отырысына қатысып, әдістемелік тұрғыда құнды пікірлерімен бөлісті.
Пән бірлестігінің жетекшісі А.Есимтаева 2025–2026 оқу жылының 2-тоқсаны бойынша білім сапасының қорытындысына жан-жақты талдау жасады. Сонымен бірге, БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) және ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) жұмыстарының орындалу барысы, нәтижелері мен алдағы міндеттері туралы нақты мәліметтер берілді. Мұғалімдердің бағалау үдерісіндегі бірізділігі мен жауапкершілігі атап өтілді.Отырыста оқушылардың пәндік жетістіктері де назардан тыс қалмады. Республикалық пәндер олимпиадасының келесі кезеңдері туралы ақпарат беріліп, ерекше жетістік ретінде 11-сынып оқушысы Исақұл Қадырдың олимпиаданың І кезеңінде І орын алып, облыстық кезеңге жолдама алғаны қуанышпен хабарланды. Бұл жетістікке жетуіне пән мұғалімі С.Мауленкулованың еңбегі мен жүйелі дайындығы зор үлес қосқаны атап өтілді.
Отырысты қорытындылай келе, пән бірлестігінің алдағы жұмыс жоспарлары айқындалып, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету, білім сапасын арттыру және дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі жалғастыру міндеттері белгіленді.