19
январь
2026
9 "Ә"сынып білім алушыларымен сынып жетекшісі: Кенжебек Нұрым «Күмәнді жағдайларда азғыруды қалай жеңуге және дұрыс таңдау жасауға болады» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.
№6 жалпы орта білім беретін мектебінде 19-қаңтар күні 9 "Ә"сынып білім алушыларымен сынып жетекшісі: Кенжебек Нұрым
«Күмәнді жағдайларда азғыруды қалай жеңуге және дұрыс таңдау жасауға болады» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.
Мақсаты:
Оқушыларға күмәнді жағдайларда кездесетін қауіп-қатерлерді түсіндіру, азғыруға қарсы тұра білу дағдыларын қалыптастыру және дұрыс шешім қабылдауға үйрету. Жасөспірімдердің жауапкершілік сезімін арттырып, өз әрекеттерінің салдарын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында
оқушыларға өмірде жиі кездесетін күмәнді жағдайлар (жаман әдеттерге итермелеу, құқық бұзушылыққа тарту, теріс ықпал) туралы түсіндірілді. Азғырудың түрлері, оған қарсы тұру жолдары, «жоқ» деп айта білу мәдениеті және дұрыс таңдау жасаудың маңызы талқыланды.
Оқушылар өз ойларын еркін айтып, пікір алмасу арқылы жағдаяттық тапсырмалар орындады. Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заңға қайшы әрекеттердің салдары түсіндіріліп, қауіпсіз әрі саналы өмір салтын ұстануға бағыт берілді.
Сабақ соңында білім алушылардың құқықтық және өмірлік сауаттылықтары артып, күмәнді жағдайларда дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығын түсінгені байқалды.