2026 жылдың 19 мамыр күні кезекті №5 педагогикалық кеңес өткізілді. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026 жылдың 19 мамыр күні кезекті №5 педагогикалық кеңес өткізілді.
19
май
2026

2026 жылдың 19 мамыр күні кезекті №5 педагогикалық кеңес өткізілді.

Кезекті №5 педагогикалық кеңес

2026 жылдың 19 мамыр күні кезекті №5 педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.                                                                                             1. 2025-2026 оқу жылын аяқтау.( бұйрықтар, іс-шаралар)

  1. ІҮ тоқсан қорытындысы мен мемлекеттік білім қағидаттары   талаптарының пәндер бойынша орындалу жағдайы. БЖБ, ТЖБ орындалу сапасы
  2. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі қомиссия жұмысының қорытындысы.
  3. 4- сынып оқушыларының негізгі мектепке көшу дайындығы бойынша негізгі пәндерден білім сапасы.
  4. Жазғы сауықтыру лагерь жұмысын ұйымдастыру
  5. Салауатты өмір  салтын қалыптастыру, тәрбие жұмысының жүргізілуі

Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша ДОЖЖО Тескенбаева Г.К. сөз алып, 2025-2026 оқу жылын аяқтау  бұйрықтары мен іс-шараларды таныстырып өтті. 2025–2026 оқу жылын аяқтауға байланысты мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді. Оқу жылының аяқталуына орай мектеп директорының бұйрықтары шығарылып, оқу-тәрбие процесін қорытындылау, оқушыларды аттестаттауға  жіберу, марапаттау және жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша 5–8 және 10-сынып оқушыларының оқу жетістіктері сараланып, оқу бағдарламаларын толық меңгерген оқушылар аралық аттестаттауға жіберіледі. Аралық аттестаттауды 10 сынып оқушылары дала жиынына байланысты аудан көлемінде 22 мамырда  тапсырады деп барлық мәліметтерге тоқталып өтті. 

2-ші мәселе бойынша Тескенбаева Г.К. 2025–2026 оқу жылының ІV тоқсаны бойынша мектепте мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының орындалуы, білім алушылардың оқу жетістіктері, пәндер бойынша білім сапасы, сондай-ақ бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) нәтижелерінің орындалу сапасына талдау жүргізілді. 

3-ші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Шалабаева З.Б. сөз алып, Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі қомиссия жұмысының қорытындысы туралы мәлімет берді. 

4-ші мәселе бойынша   ДОЖЖО Л.Спанкулова сөз алып, 4- сынып оқушыларының негізгі мектепке көшу дайындығы бойынша негізгі пәндерден білім сапасытуралы айтып таныстырылды. 

5-ші мәселе бойынша ДТЖЖО Кожайбаева сөз алып, жазғы сауықтыру лагерь жұмысының ұйымдастырылуы туралы мәлімет берді.

6-шы мәселе бойынша ДТЖЖО Кожайбаева Д. салауатты өмір  салтын қалыптастыру, тәрбие жұмысының жүргізілуі туралы есебін беріп өтті.