«Білімім -Отаныма» атты өткізілген салтанатты жиыны туралы ақпарат 2026 жылдың 25 мамыр күні мектепте 11 сынып бітірушілерге арналған салтанатты жиын өткізілді. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімім -Отаныма» атты өткізілген салтанатты жиыны туралы ақпарат 2026 жылдың 25 мамыр күні мектепте 11 сынып бітірушілерге арналған салтанатты жиын өткізілді.
25
май
2026

«Білімім -Отаныма» атты өткізілген салтанатты жиыны туралы ақпарат 2026 жылдың 25 мамыр күні мектепте 11 сынып бітірушілерге арналған салтанатты жиын өткізілді.

№6 жалпы орта білім беретін мектебінде «Білімім -Отаныма» атты өткізілген салтанатты жиыны туралы ақпарат
2026 жылдың 25 мамыр күні мектепте 11 сынып бітірушілерге арналған салтанатты жиын өткізілді. Бағдарлама негізінде АӘД пәні мұғалімі Б. Байтаев оқушыларды сапқа тұрғызып, мектеп директорына рапорт берді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Мектеп бітіруші түлектер сынып жетекшісімен бірге құрметпен ортаға шақырылды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Меңілбеков Бақтияр Смәділұлы құттықтау сөз сөйлеп айтты. Келесі сөз кезегі Кеңес ауылдың округінің әкімі Қойшибаев Бек Асубекұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Раптаева Сәуле Мұратбекқызы және Аудандық статистика басқармасының басшысы Тлеулиев Есқали Тұрсынұлына  берілді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тескенбаева Гүлзат Қайдарқызы сөз сөйлеп, мектеп директорының бұйрығымен таныстырып,    9-11 сынып оқушыларын марапаттады. Сонымен бірге 4 сынып оқушыларын құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті. 
Бағдарлама бойынша мектеп бітіруші түлектер концерттік бағдарламасын ұсынды. Мектеп түлектері мектеп вальсін орындады. 1,11 сыныптың озат оқушылары қоңырау соғу рәсімін орындады.
«Білімім- Отаныма» атты салтанатты жиын бағдарламаға сай, толық орындалды. Жиынға 1-4-9-11 сынып оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және қонақтар қатысты. Салтанатты жиын жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.