Педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы
28
март
2022

Педагогикалық әдеп кеңесінің отырысы

№6 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогикалық әдеп кеңесінің ІІІ отырысы өтті.Күн тәртібі бойынша екі мәселе қарастырылды:
1.Мұғалімнің көпшілік орындарда өзін өзі ұстауы,сөйлеуі және сыртқы келбеті.Осы мәселе бойынша әдеп кеңесінің төрайымы Г.Тескенбаева сөз алып"Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан " деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып,қолынан келгенін үйретіп,бағыт бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі болуы тиіс деп тоқталды.
Екінші мәселе бойынша әдеп кеңесінің мүшесі Л.Айтбаева сөз алып, педагогтің кәсіби қызыметінде сөйлеу негізгі құрал болып табылатындығын мәлімдеді.Педагог мамандығына сай мәдениетті сыпайы сөйлеуімен үлгі бола отырып, ішкі жан дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кең пейіл мінезімен көрінуі тиіс деп мәлімдеме жасады.