05
июнь
2022
Бүгін Жамбыл облысы, Меркі ауданының #299 дауыс беру референдум өткізілуде
Бүгін Жамбыл облысы, Меркі ауданының #299 дауыс беру референдум учаскесіне келіп дауыс бердім. Дауыс беру учаскесі уақытында ашылып, жауапты комиссия мүшелері талапқа сай жұмыстар ұйымдастырып атқаруда. Қоғамдық ұйым, бірлестіктерден келген өкілдерге тиісті жағдайлар жасалынған. Референдум учаскесіне алғаш болып келгендер құттықтау сөздерін айтып, өз таңдауларын жасады. Мен де еліміздің азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Бүгінгі болып жатқан референдум еліміздің ертеңгі жарқын болашағына еңбек ететініне сенемін.Осындай жауапты кезеңде өз үлесімді қосып "AMANAT" партиясы атынан өкілдік етудемін. Сондықтан бүгін референдумның әділ және ашық өтуін бақылаймын. Меңілбеков Бахтияр Смәділұлы. Меркі аудандық мәслихатының депутаты, #6 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0wT6V7dLNm75v7Rfq7kcgTZEPnfmpeTUgPwkTQ1i72VdZrdCxuDusdCmH1nK4seG1l&id=100049613858042&sfnsn=mo




