Алғашқы қоңырау
2025 жылгы 1 қыркүйек күні мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына арналған «Мектеп мейірім мекені» мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері, мектеп әкімшілігі,ауыл әкімі, ұстаздар қауымы, ата-аналар және оқушылар қатысты. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимнымен ашылды. Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудандық білім бөлімі өкілдері, ардагер ұстаздар мен ата-аналар жылы лебіздерін білдірді.