05
апрель
2024
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу браккераж комиссияның жұмысы
Ақпарат
2024 жылдың 05 сәуір күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау тоңазытқыштарда жүзеге асады. Болжам менюі бар, тамақ салмағы көрсетілген, күнделікті тамақ с мәзірімен дайындалған. Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар бар. Заттары арнайы киім сақтауға арналған шкафтарға ілінген. Нәтижесінде, тексеру соңынан актпен рәсімделді.
Тексеру нәтижесінде асханада ешқандай кемшілік орын алған жоқ.




