" Тамақтану мәдениеті"
2024 жылдың 25 ші қазан күні 2 ә сыныбы, сынып жетекшісі Абдишева Сабира " Тамақтану мәдениеті" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Мақсаты:
1. Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
2. Дүниетанымын, ой - өрісін пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Дұрыс тамақтана білуге тербиелеу.
Күн тәртібінде:
1 кезең «Кім шапшаң» деп аталады. Бұл кезеңде әр бір топқа сұрақтар берілді. Сол сұраққа жауап берді.
2 кезең «Ойлан тап» деп аталады. Бұл кезеңде әр топ өз тобына пайдалы және зиянды заттарды сипаттап, қимылмен көрсетті, ал топтың қалған мүшелері сол берілген заттарды тапты.
3 кезең «Жалғасын тап» деп аталады. Бұл кезеңде денсаулыққа қатысты мақалдарды жалғастырып айтты.
4 кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
1-топқа: Пайдалы және зиянды тағамдарды бөліп жазды; 2-топқа: Тамақтанудың алтын ережесін құрды; 3-топқа: Үш зиянды, үш пайдалы тағамның суреттерін салды.
5 кезең. «Пайдалы және зиян тағамдар». Оқушылар өз рационындағы бір зиянды тағамды қоқыс жәшігіне салып, түсіндірді.




