12
май
2023
Жалпы сейсмо жаттығуды өткізу
Мектепте 2023 жылдың 12 мамыр күні "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №695 хатына сай оқу жаттығу өткізілді. Жалпы сейсмо жаттығуды өткізудің жоспары алдын-ала дайындалып, бекітілді. Барлық қызметкерлер мен білім алушылар дабыл түймесінің дауысын естіген бойда техникалық қауіпсіздік ережесін сақтап, қысқа мерзімде оқу кабинеттерін тастап, сыртқа шықты. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Байтаев Б. тарапынан білім алушыларға нұсқаулық беріліп отырды. Дабыл түймесі басылғаннан кейін мектептегі адамдар 1 минут, 20 секунд ішінде толық сыртқа шықты. Мектеп ішіндегі барлық адамдар сыртқа шыққаннан кейін, сынып жетекшілер тарапынан білім алушылар тізім бойынша тексеріліп, мектеп директоры Б.Менилбеков қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұсыстарын жүргізді. Оқу жаттығуға Меркі АПБ-ң ЖПҚб УПИ-ның полиция капитаны қатысты.
