«Өзін –өзі басқару ұйымы» «Дублер күнінде» оқушыларымыз барлық жауапкершілікті өз мойындарына алып, ұстаздық жолдың қыр сырымен танысты. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін –өзі басқару ұйымы» «Дублер күнінде» оқушыларымыз барлық жауапкершілікті өз мойындарына алып, ұстаздық жолдың қыр сырымен танысты.
04
октябрь
2024

«Өзін –өзі басқару ұйымы» «Дублер күнінде» оқушыларымыз барлық жауапкершілікті өз мойындарына алып, ұстаздық жолдың қыр сырымен танысты.

№6 жалпы орта білім беретін мектебінде «Өзін –өзі басқару ұйымы» «Дублер күнінде» оқушыларымыз барлық жауапкершілікті өз мойындарына алып, ұстаздық жолдың қыр сырымен танысты. Бір күнге мұғалім рөлін сомдаған жоғары сынып оқушылары іс-шараға белсенді кірісіп кетті. Әр пән мұғалімдерімен жұма күнгі сабақ жоспарын дайындап, оқыту әдістерімен танысып, қызу жұмыс жасады. Дублер –Директор ертемен жұмысқа келіп пән мұғалімдерін түгендеп ұстаздарды жақсы көңіл күймен қарсы алуды ұйымдастырды.Дублер оқу ісінің меңгерушісі оқу жоспарларын тексеріп сабаққа кіргізді. Әр пәнге бөлінген дублершылар белсенді түрде сабақтарын өткізіп, өздерін нағыз мұғалім етіп көрсетті. Ұлы мамандықтың оңай емес екенін сабақ соңындағы жиындаой пікірлерін тыңдау кезінде айтып өтті.
 Дублер күнін өткізу мақсаты: мұғалім мамандығының сырымен танысу. Топ алдында сөйлеуге баули отырып, тілдік қорын пайдалануға үйрету. Дублер күні- оқушылар мұғалім болып,өзін-өзі басқараалатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алатын қызыққа толы күн болды.