09
сентябрь
2024
" Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру"
№ 6 жалпы орта білім беретін мектебінде 09 қыркүйек күні " Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" тақырыбында он күндік іс шараның ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: ыстықтамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру, балаға дұрыс тамақтану ережелерін таныстыру. Іс шара жоспары 08-18 қыркүйек аралығында өткізіледі. Бүгінгі іс шараны мектеп директоры Менилбеков Бақтияр алғы сөзбен ашып берді, және де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Тескенбаева іс шара жоспарымен таныстырып өтті. Мектептің мед бикесі Салқараева Э білім алушыларға тиімді тамақтану, тамақтану ережесі туралы баяндама берді. Әлеуметтік педагог Шалабаева З " Дұрыс тамақтану" бойынша білім алушыларға видеороликпен таныстырды. Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық денсаулық деп санаған. Дені сау еңбекқор ақылды азамат болып өсу үшін дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет. Осыған орай " Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" тақырыбында он күндік іс шаралар 08 мен 18 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып өткізілуде.





