Тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында жүргізілген рейд » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында жүргізілген рейд
16
октябрь
2024

Тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында жүргізілген рейд

Тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында жүргізілген рейд
2024 жылы 16 қазан күні №6 жалпы орта білім беретін мектебінде  балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2021 жылғы 28 мамырда № 22857 бұйрығына сәйкес мектепке келген білім алушыларда қауіпті, тыйым салынған заттар тізбектемесін анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі  тарапынан рейдттік тексеріс іс-шаралары жүргізілді. Бақылау барысында тыйым салынған заттар анықталған жоқ. Мектеп әкімшілігі білім алушыларға мектепке алып келуге тыйым салынған заттардың тізіміне: қару-жарақ, пышақ, балта, рогатка, кастет, жарылғыш құрылғы имитаторы, аэрозольды бояу, пиротехникалық заттар және газ баллондары т.б. кіретіндігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.