08
ноябрь
2022
6 жалпы орта білім беретін мектебінде 4А,Ә,Б сыныптардың ұйымдастыруымен "Білім жолын бастаған,бастауышым бастамам!" тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өтті.
Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті — бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға, санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз. №6 жалпы орта білім беретін мектепте 8—қараша күні бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білім жолын бастаған,бастауышым бастамам!» тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өтті. Айлық 8—қараша мен 30— қараша аралығына жоспарланды.
