13
декабрь
2022
Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай #6 жалпы орта білім беретін мектебінде 13 желтоқсан күні "Ұланымыз Ұлы Елдің!" атты "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау өткізілді
Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай #6 жалпы орта білім беретін мектебінде 13 желтоқсан күні "Ұланымыз Ұлы Елдің!" атты "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды салтанатты түрде қабылдау өткізілді. Бұл шараға өз өтініштерімен барлығы 93 оқушы қабылданды. Оның ішінде 2 сыныптарынан "Жас Қыранға" 35 оқушы, 5 сыныптан 58 оқушы "Жас Ұландар" қатарына қабылданып, салтанатты түрде уәде айтылып, ұйым галстуктері тағылды. Мектеп әкімшілігі "Жас Ұлан" мен " Жас Қыран" ұйымына қабылданған оқушыларға сәттілік тіледі.


