29 ақпан күнгі мектепте кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 29 ақпан күнгі мектепте кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
29
февраль
2024

29 ақпан күнгі мектепте кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

2024 жылдың 29 ақпан күнгі мектепте кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
  1. Бастауыш сыныптардағы математика пәнінің оқытылу сапасы;
  2. 5-11 сыныптардағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің оқытылу сапасы;
  3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі;
  4. Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік   рәміздерінің  насихатталу  деңгейі;
  5. Наркобекет жұмысының жүргізілуі және «Құқық бұзушылықтың  алдын   алу»  айлығының қорытындысы;
  6. Kundelik.kz жүргізілуі.
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша ДБОІЖО Л.Спанкулова сөз алып, бастауыш сыныптардағы математика пәнінің оқытылу сапасының тексеру қорытындысымен таныстырып өтті. Пән мұғалімдерінің сабақ барысында саралау тапсырмаларының  аздығы, қалыптастырушы бағалаудың ережеге сай жүргізілмеуі туралы айтты.
2- ші мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева  сөз алып, 5-11 сыныптардағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің оқытылу сапасының тексеру қорытындысы туралы мәлімдеме жасады. Сабақтарында әртүрлі әдістерді қолданғанымен, жаңа инновациялық технологияларды қолданылуы төмен. Көрнекіліктері сабақ тақырыбына сай болғанымен, кейбіреулерінің көлемі кіші.  Пән мұғалімдерінің құжаттарын тексеру барысында қыркүйек айындағы тексеруде жіберілген біраз кемшіліктер түзетілген деп айтып өтті. 
3-ші мәселе бойынша ДТІЖО Ж.Балабекова  сөз алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі туралы таныстырып өтті. 4-ші мәселе бойынша ДТІЖО Ж.Балабекова  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік   рәміздерінің  насихатталу  деңгейіне тоқталды. 5-ші мәселе бойынша Ж.Балабекова  наркобекет жұмысының жүргізілуі және «Құқық бұзушылықтың   алдын  алу»  айлығының қорытындысымен таныстырды. 
6-шы мәселе бойынша ДОТІЖО Г.Тескенбаева  сөз алып, Kundelik.kz жүргізілуі туралы мәлімет берді. Тексеру барысында кемшіліктерде байқалды. Барлық пән мұғалімдері күнтізбелік жоспарларын толық енгізген. Фармативті баға қорын аз қоятын, яғни оқушы сол пәнде аз бағаланатын пәндер де бар. Химия пәнінен, физика пәнінен, тарих пәнінен кейбір сыныптарда баға қоры аз. Пән мұғалімдері Джанабаев А. Байтүгелова Л. Есдаулетова А. Ескертілді. Апта соңында ата-ана мен оқушының күнделікке кіру белсенділіктері тексерілді. Кей сыныптарда 2а сыныбында, 7ә сыныбында, 6ә сыныбында ата-аналардың күнделікке кіру белсенділіктері 47-56% көрсетіп тұр. Сынып жетекшілеріне ескертілді.