«2023-2024 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «2023-2024 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы»
19
апрель
2024

«2023-2024 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы»

Жамбыл облысы әкімдігінің білім   басқармасы
 Меркі ауданының  білім бөлімінің
 «№6 жалпы орта   білім беретін мектебі» 
 коммуналдық мемлекеттік мекемесі
      Бұйрық №69 - Ө
   Кеңес ауылы                                                                          17 сәуір  2024 жыл                                                                                                           
«2023-2024 оқу жылын аяқтау және орта
 білім беру ұйымдарында білім алушыларды
   қорытынды аттестаттаудан өткізу   
мерзімдерін бекіту туралы»
       «Білім туралы» Заңының 5-бабының 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына,  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы №304 бұйрығына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында оқу  сабақтары 2024  жылғы 25 мамырда аяқталсын;
- 9(10) сыныптарда  білім алушылардың  мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 29 мамыр - 10 маусым аралығында өткізілсін;
- 11(12) сынып  білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2024 жылғы 28 мамыр-11 маусым аралығында өткізілсін.
      2.Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10)-сынып оқушылары үшін: 
1) ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2024 жылғы 29 мамыр; 
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2024 жылғы 3 маусым; 
3) орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2024 жылғы 6 маусым;
 4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан ( биология, география,  әдебиет бойынша) – 2024 жылғы 10 маусым; 
11 (12)-сынып оқушылары үшін: 
  1. ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылғы 28 мамыр
  2.  алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылғы 31 мамыр; 
  3.  Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2024 жылғы 4 маусым;
  4.  орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2024 жылғы 7 маусым;
  5.   таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика) – 2024 жылғы 11 маусым.
      3.9(10) , 11(12) сыныптардың білім алушыларын қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып, орта білім беру ұйымдары айқындаған мерзімде өткізіледі.
     4.Мектепте осы бұйрықтың  «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы  №125 бұйрығының талаптарына сәйкес  2023-2024 оқу жылын аяқтауды  қамтамасыз етілсін.
     5.Осы бұйрықтың орындалуы ДОІЖО Г.Тескенбаеваға  жүктелінсін.
 №6 жалпы орта білім беретін
 мектебінің директоры :                                                           Менилбеков Б.С.