18
сентябрь
2024
Бос педагог лауазымына конкурс

1. Орналасқан жері: Жамбыл облысы Меркі ауданы Кеңес ауылы Қ.Тайшыманов №40 мекен жайында орналасқан, телефон нөмері: 8726365400, электрондық пошта: keneskenes6@yandex.kz
2. Лауазымдар атауы:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1 жүктеме (тұрақты бос лауазым)
3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.09.2024-27. 09.2024 жыл аралығы.
5.Қажетті құжаттар тізбесі:
1) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 10- қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама:
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);
10) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.