«Мектептерге арналған PISA» » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектептерге арналған PISA»
18
октябрь
2024

«Мектептерге арналған PISA»

2024 жылдың 18 қазан күні ДОІЖО Г.Тескенбаева мен ДҒӘІЖО Л.Спанкулова №6 жалпы орта білім беретін мектебі «Мектептерге арналған PISA» зерттеуіне қатысатындағын хабарлады. «Мектептерге арналған PISA» халықаралық зерттеуі бойынша 9,10- сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерін ақпарат хатымен таныстырды. «Мектептерге арналған PISA» зерттеуінің мақсаты – жеке білім беру ұйымы деңгейіндегі білім сапасына сыртқы бағалау жүргізу. 2024 жылы қараша-желтоқсан айларында «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуі ЭЫДҰ іріктеген 1000 мектеп пен колледжде өтетін болады. Зерттеуге тестілеу уақытында 15 жас 3 ай- 16 жас 2 ай аралығындағы білім алушылар қатысады.  Біздің мектептен  9-10 сынып оқушыларынан (15 жас 3 ай- 16 жас 2 ай аралығындағы) 22 білім алушы анықталды. Алдағы уақытта 9-10 сынып жетекшілеріне  ата-аналар жиналысын өткізіп, «Мектептерге арналған PISA» негізгі зерттеуі бойынша әдістемелік  хатпен таныстыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеттелді. Пән мұғалімдеріне қосымша сабақ кестелерін құруды және жоспарларын бекітуді тапсырды.