«Алтын қолды дәрігер Шайхы Ысқақбайұлы» атындағы мұражай жұмыс істейді. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алтын қолды дәрігер Шайхы Ысқақбайұлы» атындағы мұражай жұмыс істейді.
08
ноябрь
2022

«Алтын қолды дәрігер Шайхы Ысқақбайұлы» атындағы мұражай жұмыс істейді.

Мектепте«Алтын қолды дәрігер Шайхы Ысқақбайұлы» атындағы мұражай жұмыс істейді.  Мұражайды жас ұрпаққа тарихи  ұлттық танымда тәрбиелеуге тиімді пайдаланып, келеді. Мұражайдың оқушыларға туған ауыл тарихын білуге, салт-дәстүрін тануға,  аталарының жүрген жолын және өнегелі өмірін білуге  берері мол. Сонымен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерін танып, құрметтеуге тәрбиелейді. Мұражайдан мектептің кешегісі мен бүгіні туралы және ардагер ұстаздар туралы мол мәлімет алуға болады. Кешегі Кеңес үкіметі кезінде малшаруашылығында, техника саласында,  ауылшаруашылық саласында аянбай еңбек еткен майталман еңбек ардагерлерін көруге болады. Сол кездегі техникалардың  кішірейтіп жасалынған сұлбалары жәдігер ретінде қойылған. Ауылдағы театр өнеріндегі қызмет көрсеткен ауыл өнерпаздарының да тарихынан мәлімет алуға болады. Мұражай ісін жалғастыру мектеп мұғалімі Г.Сейтбековаға тапсырылып, қазіргі таңда жұмыс жүргізіп келеді. Мұражайды мектеп оқушылары сабақтарында саяхат жасай отырып, білімдерін толықтырып, тиімді пайдаланып келеді. Жас ұрпаққа саналы  тәрбие беруде мұражайдың атқаратын орны  ерекше.