Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пән бірлестігінің №2 отырысы өткізілді. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пән бірлестігінің №2 отырысы өткізілді.
01
ноябрь
2022

Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пән бірлестігінің №2 отырысы өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пән бірлестігінің №2 отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер:
  1. І тоқсан қорытындысы, мониторингісі. Жиынтық бағалау қорытындысы, модерация
  2. «Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру жолдары» баяндама 
  3. Қыркүйек, қазан айларындағы ББЖМ-ға дайындық жұмыстарының сараптамасы және эссе жұмыстары
  4. 5-8 сынып оқушыларының оқу қарқынының сапасы
  5. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндер бірлестігінің айлығының қорытындысы
  6. Қалыптастырушы бағалауды жүргізуде қолданылатын әдіс-тәсілдер
  7. «Педагогтің кәсіби стандарты» құжатымен таныстыру
  8. Ағымдағы мәселелер
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірлестік жетекшісі Г.Қалдыбаева сөз алып, талдап өтті. Бірлестік мүшелері модерацияға түскен жұмыстарды ортаға салып, талқылап, нақты шешімдерге келді. Сонымен қатар, оқушылардың оқу қарқындарымен таныстырылып, сабақ барысында «Оқылым» дағдысын үнемі қалыптастыру отыруға шешім шығарды. Екінші мәселе бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі С.Кемелбекова сөз алып, әріптестеріне курстан алған білім, тәжірбиесімен бөлісті. ДОТІЖО Г.Тескенбаева бірлестік мүшелерін «Педагогтің кәсіби стандарты» құжатымен таныстырып өтті. Педагог іскерлік пен дағдыларын, тұлғалық және кәсіби құзыреттілігін, білімін үнемі дамытып отыру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар, Кәсіби стандартта белгіленген бес еңбек қызметіне: 
1) оқыту;
2) тәрбиелеу;
3) әдістемелік;
4) зерттеушілік;
5) әлеуметтік-коммуникативтік назар аудартты. Педагогтар өздерінің сұрақтарын қойып, түсінбеген бөлімдеріне нақты жауаптар алды. Ағымдағы тақырыптар талқыланды.