07
декабрь
2021
"Ұрпақ саулығы - ұлт саулығы"
"Ұрпақ саулығы - ұлт саулығы" тақырыбында ✓6 жалпы орта білім беретін мектебінде, ауданнан ақпараттық топ мүшелері келіп, ата-аналар мен жиналыс өткізді. Қазіргі пандемия жағдайында халықтың денсаулығы маңызды екендігі тұсіндірілді. Ақпараттық топ құрамында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы және ауылдық амбулаторияның дәрігері екпе алудың маңыздылығын ұжымдық имунитет қалыптастыру қажеттілігін және жасөспірімдердің екпе алу тәртібі мен ережесін түсіндірді. Ата- аналар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

