
№6 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарды заңсыз ақша қаражатын жинауға тыйым салу туралы бұйрығымен таныстырылды. Ата-аналардан педагогикалық ұжымға сыйлықтар жасауға, мерекеге қарсы іс-шаралар өткізуге және басқаларға мәжбүрлеп ақша қаражатын жинауға қатаң тыйым салынуы туралы айтылды. Сонымен қатар қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері туралы барлық ата-аналарға ескертіліп айтылды. Ата-аналар кері байланыс жасады.