31
май
2023
"Отан отбасынан басталады"," Тарихты білу парызың", "Алаш зиялылары" сынып сағатының өтілуі
2022—2023 оқу жылының аяқталуына байланысты #6 жалпы орта білім беретін мектебінде 1—11 сыныптар бойынша оқу жылын қорытындылау мақсатында бірыңғай сынып сағаттары өтілді. Сынып сағаттарының мақсаты: Оқу жылының қорытындысы, үздік, екпінді оқушыларды және шығармашылық, спорттық т б бағыттарда жетістікке жеткен оқушыларымызды марапаттау, жаз мезгілінде оқушылардың өмір қауіпсіздіктері, уақыттарын мақсатты өткізу бағытында оқылатын әдебиеттер тізімін ұсыну және сонымен бірге 31—мамыр саяси қуғын сүргін құрбандары мен ашаршылық құрбандарын еске алу күнін есте сақтау мақсатында ақпараттар беріліп, түсіндірілді. Сынып сағаттары оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай "Отан отбасынан басталады"," Тарихты білу парызың", "Алаш зиялылары" тақырыптарында ұйымдастырылып өткізілді.

