Қамқоршылық кеңе
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №6 жалпы білім
беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
ХАТТАМА №2
Кеңес ауылы 02.10.2018 ж
Қамқошылық кеңесінің отырысы
Төрайымының аты- жөні:
Сармамбетова А.
Хатшының аты- жөні: Иманқұлова Қ.
Күн тәртібіндегі мәселе:
Білім мекемелері жанынан құрылған қамқоршылық кеңесі
отырысында мектеп басшыларының есеп беруі
Күн тәртібінде:
1.
Оқыту мен тәрбие берудің
сапалы нәтижесі.
2.
Халықаралық ,
республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарының
жүлдегерлерінің саны, « Дарын» РҒПО өткізетін қашықтық олимпиадалар.
3.
Заманауи білім беру
технологияларын, оның ішінде ақпараттық – коммунативтік технологияны білім беру
процесінде қолданудың тиімділігі.
4.
« Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу.
5.
«Мектепке
жол», акцияларының қорытындысы.
Тегін ыстық тамақпен қамтылған азқамтылған, көпбалалы
отбасылар балаларының бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы.
Тыңдалды:
1-
мәселе бойынша
мектеп директоры Меңілбеков Бахтияр Смаділұлы жаратылыстану- математикалық
бағыттағы пәндер бойынша 2017-2018 жылдың білім сапасы бойынша айтып өтті. Жаратылыстану
бағыты бойынша : физика пәнінен - үлгерімі-100%, сапа- 67,4%. Математика –
үлгерімі-100%, сапасы-67,12%, химия- үлгерімі-100%, сапасы-67,4%. Биология-
үлгерімі-100%, сапасы-66,9%.
Гуманитарлық
пәндер бойынша- қазақстан тарихы – сапа-67,12%. Орыс тілі- сапа- 69%. Ағылшын
тілі- 68,8%. Дүние жүзі тарихы- 67,12%. Адам. Қоғам. Құқық-68,5 % және де мемлекеттік білім беру гранттарын
иеленген оқушылар үлесі. Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға қатысу үлесі. 2017-2018 ж
ҰБТ-ге 21 оқушының 14-і яғни 66,6% тапсырды. Орташа балл- 89,59%. ЖОО -10 оқушы
түсті- 8-і грант, колледжге – 9 оқушы түсті- 4-і грант 2-еуі жұмыс істейтінін
айтып өтті.
ҰБТ нәтижесі
бойынша шекті деңгейдегі өтпеген мектеп бітірушілердің үлесі туралы да тоқталып
кетті, 2- оқушы ҰБТ шекті деңгейден өте алмады. Олар: 40 балл және 43 балл. 43
балл алған оқушы КТА тапсырып, ЖОО орнында. 40 балл алған оқушы алматы
технологиялық гуманитарлық колледжге грантта оқитынын айтты.
2
- мәселе бойынша директордың
ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Ниеталиева Ботагөз Аханқызы Халықаралық , республикалық деңгейдегі
олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарының жүлдегерлерінің саны, « Дарын»
РҒПО өткізетін қашықтық олимпиадалар
туралы айтып өтті. « Ақ бота» республикалық зияткерлік марафонынан – 3
оқушы, « Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық математикалық
конкурсынан -10 оқушы, және де « Русский медвежонок- языкознание для всех» тілі
білімі бойынша халықаралық ойын- конкурсы, « Алтын руно» халықаралық конкурсы ,
« British Bulldog» ағылшын тілі халықаралық зияткерлік конкурстарының қорытындысын
айтып өтті.
3-
мәселе бойынша Заманауи білім беру технологияларын, оның
ішінде ақпараттық – коммунативтік технологияны білім беру процесінде қолданудың
тиімділігі бойынша директордың ғылыми
ісі жөніндегі орынбасары Ниеталиева Ботагөз Аханқызы тоқталып өтті. 2018-2019 ж
мектепте « Күнделік » ақпараттық жүйесін пайдаланатын педагогтардың жұмыс
сапасы көрсеткіші. Қазіргі кезде журналды электронды түрде « Күнделік кз »
сайтына оқушылар тіркеліп, алған бағалары барлығы сол күнделік кз сайтында тұрады,
әр ата- ана өз баласының деңгейін, сабақтағы көрсеткіштерін үйде отырып – ақ
көре алады. Мектептен әр оқушының күнделік кз сайтына кіретін логины мен
парольын әр ата – анаға өз баласынікі берілетінін айтып өтті, және де
педагогтардың « Bilimland» білім беру
платформасын қолдану белсенділігі бойынша да ата- аналарға түсіндірме жүргізді.
Онда мектеп оқушыларына керекті Imektep бөлімінде керекті, қажетті
материалдарын видео жазбадан оқушы көре алатынын айтты.
4-
мәселе бойынша
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балабеков Жексеналы Елбасымыз
Н. Ә. Назарбаевтың « Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» мақаласы аясында іс-
шара жоспары жасалынып, жоспарға сай жұмыстар атқарылғанын айтып өтті.
Тараз қаласына
киелі жерлерді аралауға 10 сынып оқушысы – Тоқтар Махаббат және Жексенбиева Д
аралап қайтты. Мектеп мұражайына оқушыларды кестеге сәйкес аралатып,
көрсетіліп, таныстырылды.
Ата- аналарға мектеп формасын сақтау
туралы түсіндіріп өтті. Мектепте осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы
атап өтілді.
Білім беру
ұйымдарында оқушылар тарапынан жасалған құқық бұзушылық саны бойынша мектепте құқық бұзушылықтың алдын алуға
байланысты іс- шаралар жоспары жасалынып, мектеп директорының бұйрығы
шығарылды. АҰБ мен мектеп арасында
бірлескен іс- шара жоспары жасалынды. Мектеп шектеуімен бірлескен жұмыс нәтижесінде
кездесулер, әңгіме, дөңгелек үстел өткізіліп, түнгі және күндізгі рейд
ұйымдастырылды. Мектепішілік және
аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған оқушылар жоқ.
Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы. Себепсіз сабақтан
қалған оқушы жоқ. Ауырған оқушылар медбикеге қаралып, анықтама әкелетінін
айтты.
Мектеп
директоры мектептің білім беру процесін ұйымдастырудың жайлылық деңгейі яғни,
ауыз су жүйесі, ағымдағы жөндеу, жылыту жүйесі, гардероб, спорттық инвентарь
жүйелері туралы есеп беріп өтті.
5-
мәселе бойынша
мектептің әлеуметтік педагогы З. Шалабаева
2018-2019 оқу жылында 1.08-30.09
аралығында өткізілген «Мектепке жол» акциясы аясында 24 оқушыға 335000 теңгеге
демеушілік көмек көрсетілді, және де тегін ыстық тамақпен 6 отбасының 17
баласы, оның ішінде 1-4 сыныптар аралығында 10 оқушы, 5-11 сыныптар аралығында
7 оқушы бір мезгіл ыстық тамақ ішетінін айтып өтті.
Шешім:
1.
Мектеп директорының
Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің алдында мектепке демеушілік көмектер
көрсетілгені бойынша жарты жылдық есебі қанағаттанарлық.
2.
Қамқоршылық кеңес
мүшелері жыл бойына көмекті қажет ететін отбасы балаларына әлеуметтік көмек
көрсетіліп, түрлі іс- шараларға қытыстырылуы қамтамасыз етілсін.
3.
Көмекті қажет
ететін отбасы оқушыларына демеушілер тарапынан көмекті ұйымдастыру жұмыстарын
жандандыру.
ҚК төрайымы- Сармамбетова Айжамал
Хатшысы-
Иманқұлова Қарлығаш
Мүшелері- Төлеушов Рүстем
Қанжігітова Дүрия
Тайжанов Сейтжан
Спанқұлова Ляззат
Сабырқожаева Қалдан
Салықбаева Гүлниса
Жапарқұлов Есберген
Қатысқандар: 9 адам