«Армысың, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынға » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Армысың, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынға
20
сентябрь
2017

«Армысың, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынға

«Армысың, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынға арналған бағдарлама.
Ұйымдастыру кезеңі: Салтанатты жиынға тұрғызу сәті. АӘД пәні мұғалімі Б.Байтаев мектеп директорына рапорт береді. 
 
Жүргізуші : Ағайын, Білім күні таңы қалай!
                      Жүректен  нұр шуаққа оранғандай.
                      Аққу құс, ақшағала көкті шарлап,
                      Сағынып айдынына  оралғандай.
                      Мұғалім-ұлт ұстазы, ел еркесі,
                      Біліммен өркендейді жердің төсі.
                      Жас ұрпақтың, мектептің өз көктемі,
                      Құтты болсын, білім күні мерекесі.
 
Жүргізуші : Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлағатты ұстаздар! Ардақты ата-аналар және жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар! Баршаңызды 2017-2018 оқу жылының басталу күнімен, өмір шырағын іздеуге шақыратын Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
 
Жүргізуші :  Білім күнгі мерекелік жиында,
                       Мектептен басталады білім нәрі
                       Елімнің көк байрағы енгізіліп,
                       Шырқалсын қазағымның Гимні!
Сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізуге дайындалсын! Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бүгінгі 2-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынға енгізілсін!
Туды көтеру  құрметті 11 сыныптардың үздік оқу озаттары: Нәметхан Тойбол мен
Серік Бауыржанға тапсырылады.
 
Ту көтеріледі. Мемлекеттік гимн орындалады
 
Жүргізуші :
Қыркүйектің қоңыр салқын лебі мектепке қарай тұңғыш рет қадамдарын толқи басқан бүлдіршін шәкірттің жүзін желпейді. Мектеп ана сіздерге айқара есігін ашты.
Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!-деп дархан  даламызға  білім нәрін таратушы Ыбырай атамыздың қоңырауы бүгінде жүздеген-мыңдаған қоңырауға қосылып,кәусар бұлақтай сыңғырлайды. Сіздер бүгінгі білімге сапар шегесіздер. Осы білім сапарында жолыңыз болсын, таудай талапты жас шәкірт!
 
Жүргізуші: Қазақстан  Республикасының  Президенті  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2017жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Қазақстан халқына жолдауында және 2017 жылғы сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында сапалы білім беру арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндеті тұрғаны белгілі.
 
Жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Меңілбеков Бақтияр Смәділұлына беріледі.
Меркі аудандық әкімдігінен келген қонағымыз_____________________________
Меркі аудандық білім бөлімінің №6 «Кеңес» орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері:_________________________________________
Кеңес ауылдық округінің әкімі: Джапарқұлов Есберген Дүкенұлы
 
Жүргізуші: Биыл мектебіміздің 1-сынып табалдырығын _47_оқушы аттағалы отыр.
Елге ырыс жүректегі несібе,
Шәкірттерім алға қадам басып тұр.
Ілесуге жаңа өмір көшіне,
Күй шашылсын, шашу шашсын апайым,
Домбыраның үніменен көсіле.
 
Жүргізуші:  Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнынының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуда.  Жоғары сыныптарда  жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құруда.  2017-2018 оқу  жылында 2,5,7 - сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді.
 
Жүргізуші: Қарсы алыңыздар!
2017-2018 оқу жылының 1-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!
1 «А» сынып оқушылары,сынып жетекшісі Жартаева Зульфарна.
Сыныпта 23 оқушы бар.
1 «Ә» сынып оқушылары ,сынып жетекшісі  Тәжімбетова Айжан.
Сыныпта 24 оқушы бар.
 
Жүргізуші :Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
Нұр шашып көкке нұр,
Өміріңнің көктемін,
Гүлдендірем деп келдім.
Сәлем, алтын мектебім!- деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған         1- сынып түлектеріне сөз кезегін береміз.
Құттық тау сөзі:
1 «А» сынып оқушысы  Ермекбай Нұрай
1 «Ә» сынып оқушысы  Айдархан Әнуар
1- сынып оқушыларының өлең жолдары:____________________________________
 
Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін 11 сыныптың озат оқушылары, мектебіміздің мақтаныштары: Акимбаева Айсұлу,Тұрғынбай Айдос.
 
11 сынып оқушыларының 1 сынып бүлдіршіндеріне сыйлық тапсыру сәті.
 
Жүргізуші : Көрейікші тек жанарлардың жарқынын,
Тыңдайықшы ұстаздардың ақылын.
Айтылатын ақ тілек бар шәкіртке
Жақсы тілек-жарым ырыс жарқыным-дей отырып, сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары                                                                             беріледі.
 
Жүргізуші: Сыңғырла қоңырау,сыңғырла
Соғылсын  қоңырау соғылсын,
Толқыған жүрек толқысын,
Толтырып бір арна, бір жырға
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын  қоңырау соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын,-дейтін кезде жеткен сияқты.
 
Мектебіміздің алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1-сынып оқушылары:
 

Ұрпақтардың көсегесі көгермек,
Аспан түстес осы тудың астында,
Мектеп түзел! Тік тұр!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын
 
Жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым 2 қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты жиыны аяқталды. Оқушыларды «Мен - өз елімнің патриотымын» атты білім сабағына шақырамыз.