қамқоршылық кеңесі жұмысының 2018 жылы атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » қамқоршылық кеңесі жұмысының 2018 жылы атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі
20
декабрь
2018

қамқоршылық кеңесі жұмысының 2018 жылы атқарылған жұмыстарының қорытынды есебі

№6 жалпы білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңесі қызметінің 2018 жылы атқарған жұмысының есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы № 6 жалпы білім беретін мектеп

Қамқоршылық кеңесінің жылдық қорытынды есебі

amorshyly-esep.docx [1,55 Mb] (cкачиваний: 36)
Посмотреть онлайн файл: amorshyly-esep.docx

 

amorshyly-esep.docx [1,55 Mb] (cкачиваний: 36)
Посмотреть онлайн файл: amorshyly-esep.docx

 


         Қамқоршылық кеңес қызметі типтік ережеге және Қазақстан Республикасы «Білім» туралы заңының 44 бабы  9 тармағына сәйкес, « Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлану тәртібінің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы  27 шілдедегі бұйрығының 6, 7 баптары және « Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары , оның ішінде: Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 17 мамырдағы қаулысының 37- тармағы негізінде , Қамқоршылық кеңесін құру туралы 2018 жылдың  мамырында №299  бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрығын басшылыққа алынып құрылған. «Қамқоршылық» кеңес мүшелерінің саны тақ, бір – бірімен және білім беру ұйымының басшысымен ешқандай  туыстық және жекжаттық туысы жоқ 9 адамнан сайланып, жылдық жоспары құрылып, бекітілген.

Қамқоршылық кеңесінің құрамы төмендегідей:

Қамқоршылық кеңес төрайымы- Сармамбетова Айжамал «Өрлеу» қоғамдық қауымының мүшесі

Мүшелері- Төлеушов Рүстем   демеуші

Иманқұлова Қарлығыш ата- ана

                   Қанжігітова Дүрия жеке кәсіпкер

                   Тайжанов Сейтжан ата- ана комитетінің төрағасы

                   Спанқұлова Ляззат жеке кәсіпкер

                   Сабырқожаева Қалдан жеке кәсіпкер

                   Салықбаева Гүлниса  ата- ана

                   Жапарқұлов Есберген жеке кәсіпкер

Қамқоршылық кеңесінің және тексеріс комиссиясының жылдық жұмыс жоспары жасалынған. Әр айда өткізілген іс- шаралар жоспары бойынша өз дәрежесінде өткізілді. Мектепте 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейінгі аралықта « Бақытты балалық шақ мекені!» атты ұранымен республикалық                 « Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өткізілді. Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасыларындағы оқушыларға қолдау мен көмек көрсету ғана емес, сондай- ақ, мектепке әлеуметтік жағдаймен бараалмау себебі бойынша балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады.

Акция аясында әр- түрлі іс- шаралар жоспарланып, қайырымдылық шаралар, мектеп оқушылары арасында жәрмеңкелер, концерттік бағдарламалар, дөңгелек үстел, оқумен қамтылмаған және оқу жылына дайындық кезінде көмекке мұқтаж балаларды анықтау мақсатында рейдтік шаралар өткізу жоспарланып мектеп директорының келісімімен бекітілді.

         Қыркүйек айында « Меркі ақиқат» газетінде « Қайырымдылық жасау, менің таңдауым!»тақырыбында мақала жарық көрді. Мақалада, « Мектепке жол» акциясы жалғасын тауып, осы ауқымды іс-шараға байланысты арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатқандығы, сонымен қатар жүрегі нұрға толы ауыл азаматтары мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қарап, акциядан шет қалмауда екендігі туралы жазылды.

Өткізілген іс- шара барысында мектеп ұжымы ауылымыздың әкімі  Жапаркулов мырза бастаған ауыл азаматтары және жеке кәсіпкерлер оқу құралдарын сыйласа, мектеп әкімшілігі мектеп ұжымы азқамсыздандырылған, жағдайы төмен, жартылай жетім отбасынан шыққан балаларға оқу құралдары, аяқ киім , мектеп формасы, спорттық киімдер сыйға тартты. Акция аясында « Жетім көрсең жебей жүр» деген атаулы сөзін ұстанып ауыл тұрғындары қарджылай көмек көрсетіп, жиналған қаражатқа балаларға мектеп формасы, оқу құралдары алып беріп табыстадық. Жалпы акция бойынша 24 оқушыға 335000 ( үш жүз отыз бес мың) теңге көлемінде көмек көрсетілді.

         Оқу жылының басында аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан балалар 100% оқулықпен қамтамассыз етілді.

29 қазан «Қамқоршы күні» мерекесіне байланысты « Балаға мейірім сыйла» атты республикалық акция аясында №6 жалпы білім беретін мектепте

« Балаға мейірім сыйла» тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді.

       

 

          

         2018-2019 оқу жылында мектепте мемлекет есебінен аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамассыз етілді. 6 отбасының 17 баласы.

Қарттар күніне орай қазан айында « Қарттарым ізгіліктің шырағы» тақырыбында кездесу өтті.Іс- шараның мақсаты- оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата- бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне , инабаттылыққа , жақсы мен жамандықты ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. 

 

         №6 жалпы білім беретін мектепте аз қамсыздандырылған отбасы балаларымен « Менің отбасым» тақырыбында тренинг  өтілді.

 Қараша айында аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан 17 балаға мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетілді. Ол ақшалай көмек әр ата-ана баласына қажетті қыстық киімін алды, және де алған ақшаны тек балаларға қажетті киімдерге жұмсады.

 

Аудандық әкім шыршасына жартылай жетім, және көп балалы, аз қамсыздандырылған отбасы балалары Абдіқалық Исламбек, Бақыт Сәнім, Алпысбай Ақерке оқушыларымыз қамтылды. Сол сияқты жыл бойы аудан көлемінде өткізілетін іс- шараларға оқушылардың қатысуына демеушілік көрсету жұмыстары іске асырылып, қамқоршылық кеңесі  отырысының хаттамалары өз уақытында жазылды.

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:               Сармамбетова А. Б

 Мектеп әлеуметтік педагог:        Шалабаева З. Б