«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатынан сақтандыру»
«№6 жалпы білім беретін мектебі»КММ
2017-2018 оқу жылында мектеп оқушылары арасында «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатынан сақтандыру» жұмыстары бойынша қыркүйек айында өткізілген іс-шаралар туралы
анықтама
2017-2018 оқу жылында мектеп оқушылары арасында «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатынан сақтандыру» профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға мектеп директорының жауапты қызметкерлерді тағайындау бұйрығы шығып, іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Іс-шаралар жоспарымен мектеп ұжымы таныстырылды.
«Жолда жүру ережесі» жұмыстарын жүргізуге арналған стенд орналастырылып, үстел үсті макеттер,практикалық сабақтар өткізу үшін жол қиылысы салынған автоалаң, оқушылардың мектепке келуі және кетуі кезіндегі жол қауіпсіздігі бағыттары көрсетілген мектеп жанындағы көше сызбасы жасалды.
ДТЖО Ж.Балабековтың жетекшілігімен «Жол қозғалысының жас инспекторлары» жаңа құрамы құрылды.
Оқушылардың мектепке қатынайтын жол өткелдеріне мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, жылдық кезекшілік кестесі жасалып бекітілді.Көлік жүргізушілердің назарын аудару үшін оқушылар өткелдеріне жол белгілері орнатылды.
1-11сыныптар арасында «Жолда жүру ережесі» плакаттар байқауы өткізілді. Нәтижесінде:І орын – 10 «А» сыныбы, ІІ орын -9 «А» сыныбы, ІІІ орын - 7 «А» сыныбы иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
1-4 cыныптар арасында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
«Жолда жүру ережесін білесің бе?» топтық ойын З.Жартаева, «Жолда аман бол!» С.Абдешова тәрбие сағаты, «Ең үздік жол ереже білгірі» жарысын 6-7 сыныптар арасында А.Ыбраева,, 8-11 сыныптар арасында«Жол тәртібін есте сақта!» тәрбие сағаттары өткізілді.
«Балаларыңыз жол ережесін біле ме?» ата-аналар жиналысы болып, ата-аналар «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатынан сақтандыру» айлығының іс-жоспарымен таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
<!--
[if !supportLineBreakNewLine]
-->
<!--
[endif]
-->
<!-- [endif] -->