«Мәңгілік ел құндылықтары» » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мәңгілік ел құндылықтары»
09
апрель
2018

«Мәңгілік ел құндылықтары»

№6 жалпы білім беретін мектепте ақпан айының 26-2 наурыз аралығында өткізілген «Мәңгілік ел құндылықтары» атты іс-шараның анықтамасы

2017-2018 оқу жылында мектепішілік жоспарға сай 8-9 сынып оқушылар арасында іскерлік ойыны өтті. Мақсаты: Жас ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімін ояту. Отанына адал қызмет етуге, «Мәңгілік ел» қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, мәңгілік ел құндылықтарымен таныстырып,болашаққа сенім қалыптастыру, шығармашылық ізденісті, шешендік сөйлеу өнерін қалыптастыру. Кіріспе сөз : 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауынан «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы . Ол- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы , ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», - деп бастады. Қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу мен Мәңгілік елдің құндылықтары » - деп елбасымыздың сөзімен аяқтады.

Сайыс 5 бөлімнен тұрды. 1.Таныстыру.Топтың атын таныстырып. Презентация қорғау (2-3 мин ) 2. Сұрақ-жауап.Әр топқа 5- сұрақтан. 3.Конверттегі сұрақтар. 4.Шығармашылық жарыс. 5.Шешендік өнер үлгісі.

Ойынға үш топ қатысты. І – топ «Болашақ»  , ІІ- топ «Мәңгілік ел» , ІІІ-топ «Туған өлке». Әр топ мүшелері ойынға белсене қатысып, жағдаяттан шыға білді. Атап айтсақ: Мәнерлеп оқу байқауында Тоқтар Махаббат 9 «А» сынып, Нәбиева Балнұр 8 «А» сынып оқушысы өлеңді нақышына келтіріп оқыды. Өксікбаев Айбатыр 8«А» сынып оқушысы «Қазақстанның тәуелсіздігі, Астана қаласы» туралы ерекше тұсау кесер жасады.

Қортындылай келе 8-9 сынып оқушылар арасындағы өткізілген іскерлік ойыны жоғарғы дәрежеде өткізілді. Қазылар топ ұпайларын жариялады. І-орын «Болашақ» тобы, ІІ- орын «Мәңгілік ел» тобы, ІІІ-орын «Туған өлке» тобы – деп жеңімпаздарды марапаттады.