«Наурыз – бірлік пен ізгіліктің мерекесі» » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Наурыз – бірлік пен ізгіліктің мерекесі»
09
апрель
2018

«Наурыз – бірлік пен ізгіліктің мерекесі»

№6 жалпы білім беретін  мектебінде «Наурыз – бірлік пен ізгіліктің мерекесі» тақырыбындаөткізілген іс – шараның

Анықтамасы

 

Мектебімізде 15 наурыз күні «Наурыз – бірлік пен ізгіліктің мерекесі» тақырыбында Наурыз мейрамын мерекелеуге орай жоспар жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша сағат 10.00- де мектеп спорт залында барлық сынып оқушылар «Армысың, әз Наурыз!» атты «Қара жорға» биін бірыңғай биледі. Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері бастауыш сынып оқушылары арасында асықтан «Ханталапай» атты ойын, жоғары сынып оқушылары арасында «Жарқыраған жас нұрлы, жаса, Наурыз дәстүрлі» атты ұлттық ойындар жарысын өткізді.

Көркемдік жетекшінің ұйымдастыруымен оқушылар «Наурыз» күйін орындады. Көркем – еңбек пәні мұғалімдері «Наурыз - думан» сәндік қолданбалы өнерден және «Атадан қалған ұлы мұра» атты қазақтың қолданбалы өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырды. Сонымен бірге көркем –еңбек пәні мұғалімдері «Көрікті көктем - наурыз» тақырыбында суреттер көрмесінің шеруін ұйымдастырды. Онда оқушылар өздері салған мерекеге арналған суреттерін ілді. Жақсы сурет салған оқушылар, мадақталып, алғыс хаттармен марапатталды.

Мектеп тәлімгері «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарымен бірге ауылымыздың тыл еңбегінің ардагері Танирбергенов Тоқтасын  атайдыңүйіне барып қайтты. Оқушылар апайды Наурыз мерекесімен құттықтап, өздерінің өлең шумақтарын айтып берді.

Қазақ тілі пәні мұғалімдері «Аталар сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында 8 сыныптар арасында бірыңғай мақал-мәтелдер сайысын өткізді.

Мерекелік іс-шара жоғары дәрежеде өткізілді.