Президенті күніне орай «Елбасы күні-еңбекке құрмет»
№6 «Кеңес» орта мектебінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы күні-еңбекке құрмет» тақырыбында өткен апталықтың анықтамасы.
Мектепте «Елбасы күні-елдікке құрмет»тақырыбында іс-шаралар жоспары жасалынды.ДТІЖО Ж.Балабековтің басшылығымен 1-4 сыныптарда «Елі сүйген,елін сүйген елбасы, 5-8 сыныптарда Қазақ Тұңғыш Президенті-қазағымның мақтанышы», 9-11 сыныптарда «Елбасы тәуелсіздігіміздің тірегі» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Қалдыбаева,М.Кобасилова 9-11 сыныптар арасында «Ұлтты ұлықтаған тұңғыш Елбасы» тақырыбында шығарма байқауын өткізіп,нәтижесінде 9 «А» сынып оқушысы Тоқтар Махаббат,жеңімпаз атанып,мақтау қағазымен марапатталды.
Информатика пәнінің мұғалімі М.Қораласбаева –Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа көзқарас-қоғамдық сананың жаңғыру мақаласын іске асыру мақсатында екі тілде «Болашаққа бағдар»атты видеофильм көрсетті.мектеп кітапханашы Р.Оңалбаева кітапхана ішіне «Ұлт көшбасшысы-Елбасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Қалдыбаева «Елбасымыз- кеменгер,көші түзу , кемел ел!» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары арасында үздік мақала байқауын өткізіп,8 «Ә» сынып оқушысы Нәбиева Балнұрдың арнау өлеңі үздік деп танылып,мақаласын газет бетіне ұсынылды.30- қараша күні мектепте 1- желтоқсан Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Аптаның ұйымшылдықпен,жоғары деңгейде өтті.