28
апрель
2023
«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» «Бірлігіміз жарасқан»
Мектепте 2023 жылдың 28 сәуір күні «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік достық фестиваль өтті. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130 - дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір - біріне деген сый - құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Осы орайда 7-9 сынып білім алушылары әр ұлтты таныстырып, өнері мен ұлттық тағамдарын насихаттады.