ҰБТ бойынша түсіндіру жұмыстары » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ бойынша түсіндіру жұмыстары
15
ноябрь
2022

ҰБТ бойынша түсіндіру жұмыстары

2022 жылдың 15 қараша күні 11сынып түлектерімен мектеп әкімшілігі бірлескен жиналыс өткізді. Жиналыста ҰБТ- білім сапасының басты көрсеткіші және жалпы орта білім беру ұйымдарында  оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі екені айтылып, мәлімет берілді. Мектеп директоры Б.Менилбеков оқушыларға ҰБТ-ң мақсаты – мектепті бітіруші түлектердің негізгі бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергенін анықтау екенін айтып, бағдарламаның негізгі құжат екеніне тоқталды. Оны толық меңгеру – оқушының, меңгерту – мұғалімнің ең басты міндеті. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгі өмірге даярлайды, болашақта бір мамандық иесі болуына жағдай жасайды. ҰБТ жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріп келеді. Әр жылғы жаңалық  тест жүйесі  мектепте оқушының нені қай деңгейде меңгергенін анықтап береді деп мәлімет берді. Сондықтан мектеп түлектеріне дайындық жұмыстарын сапалы түрде жүргізу керек екенін ескертіп, сәттілік тіледі. ДОТІЖО Г.Тескенбаева ҰБТ дайындалу барысында мына жағдайларды  еске сақтау керек екенін талап етті.
  • Тақырыпты алдымен оқулықтан қарап шығу;
  • Сабақты зейін қоя оқып, керекті жерлерін дәптерге түсіру;
  • Тақырыпқа қатысты сұрақтарға толық жауап беру;
  • Дайындық барысында мектепте не болмаса үйде сұрақ-жауап әдісін пайдалану;
  • Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін алдымен қате жауапты сызып тастау.