«Зорлық-зомбылықты болдырмас үшін не істеу керек?» тақырыптары бойынша тәрбие сағаты өтті » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зорлық-зомбылықты болдырмас үшін не істеу керек?» тақырыптары бойынша тәрбие сағаты өтті
19
ноябрь
2022

«Зорлық-зомбылықты болдырмас үшін не істеу керек?» тақырыптары бойынша тәрбие сағаты өтті

21 қараша айында 2022 жылы 11 «А» сыныбы ашық тәрбие сабағын өткізді. Тақырыбы: «Қатыгездік пен зорлық –зомбылықсыз балалық шақ.» Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, қайырымды шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі:  пікірлесу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, видеоролик
Қатысушылар: 11 а  сынып оқушылары
І- «Сәлемдесу» Қатысушылар арасында жағымды көңіл-күй қалыптастыру, бір-біріне жақындастыру. 
ІІ-  «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында постер жасау.   Әр топқа берілген  қағаздарға тақырыпқа байланысты постер жасайды.                
      І топ: «Зорлық-зомбылықты қалай түсінесіңдер?»,
  ІІ топ: «Зорлық-зомбылықты болдырмас үшін не істеу керек?» тақырыптары бойынша жұмыс жасап, оны топпен қорғау.                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

ІІІ- Жағдаятқа байланысты пікірталас
«Тығырықтан шығар жол қайсы»  Бұл баланың өмірі неліктен қылмыспен басталды? Осы жөнінде ой бөлісейік.    Оқушылардың пікірін тыңдау.
1.    Қасыңдағы жолдасыңның қылмыскер екенін білсең, не істер едің?2.    Неліктен қазіргі жастар бір-бірін аяусыз ұрып-соғып, тіпті өлтіруге дейін барады? Кім кінәлі? IV- «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)
V- «Аяқталмаған мақалдар» тәлім-тәрбиеге байланыст
VI- “Заңсыз   арал”   екі топқа
- Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? 
ҮІІ.«Тілек шамы».
Мақсаты: рефлексиялық қорытынды. Бүгінгі алған әсерлеріңізді 3 сөзбен ғана жеткізу
    Қорытынды: - Өмір дегеннің өзі қыраттардан, ойлы- қырлы белестерден тұрады. Алдыңда не кездесетінін білмейсің. Одан ойдағыдай шығудың жолы адамның өзіне, жігеріне байланысты.Адам барлық қиындықты еңбекпен ғана жеңеді. “Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық- аздырар адам баласын” деп ұлы Абай бекер айтпаған.