18 қараша күні 11 сынып оқушыларына ДОІЖО Тескенбаева Г. «Алтын белгі» төс белгісіне байланысты заңнамаларға енгізілген өзгерістермен таныстырып өтті. » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 18 қараша күні 11 сынып оқушыларына ДОІЖО Тескенбаева Г. «Алтын белгі» төс белгісіне байланысты заңнамаларға енгізілген өзгерістермен таныстырып өтті.
18
ноябрь
2022

18 қараша күні 11 сынып оқушыларына ДОІЖО Тескенбаева Г. «Алтын белгі» төс белгісіне байланысты заңнамаларға енгізілген өзгерістермен таныстырып өтті.

2022 жылдың 18 қараша күні 11 сынып оқушыларына   ДОІЖО Тескенбаева Г. «Алтын белгі» төс белгісіне байланысты заңнамаларға енгізілген өзгерістермен таныстырып өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы   12 мамырдағы №193 бұйрығымен өзгерістер енгізілді:
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі Ережесіне»;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №532 бұйрығымен бекітілген  «Алтын белгі“ төс белгісі туралы Ережесіне
  • 45-тармақ. Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлер үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 41-тармағының 2) тармақшасында айқындалған оқу пәні (алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан) бойынша қорытынды аттестаттау білім беру қызметін жүзеге асыратын "НЗМ" ДББҰ филиалдарының базасында  өткізіледі.
  •    50-тармақ. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден "5" болған және 10 (11) - 11 (12) сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
  • 52-тармақ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №532 бұйрығымен (бұдан әрі - №532 бұйрық) (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10115 болып тіркелген) бекітілген "Алтын белгі" белгісі туралы Ережесі 2-тармағының талаптарына сай 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" төс белгісі беріледі.
  • 60-тармақ. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.
  •       Қорытынды аттестаттау кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен ауырғандармен байланыста болған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды бітіру емтиханын білім беру ұйымы белгілеген мерзімде тапсырады.
  •       Осы Қағидалардың 41-тармағының 2) тармақшасында айқындалған оқу пәні  бойынша (алгебра және анализ бастамалары)  қорытынды аттестаттау өткізу кезеңінде ауырып қалған жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер сауыққаннан кейін өткізіп алған емтиханды "НЗМ"-де "НЗМ" ДББҰ-да айқындалған мерзімде тапсырады деп  мәлімет берілді.