24
февраль
2020
Ас адамның арқауы
2020 жылдың 21 ақпан күні мектепте «Ас - адамның арқауы» тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен бірлескен танымдық сабақ өткізілді. Бұл сабақты биология пәнінің мұғалімі Меруерт Дәлібаева өткізе отырып, оқушыларға астың пайдасы туралы жалпы мәлімет берді. Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейте отырып,адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік берді.
- Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын қуатына сай тамақтануы тиіс.
- Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
- Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
- Қатты ыстық тамақты, қатты суық тамақты ішуге болмайды, тістің эмалін бұзады
- Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
- Тамақтын түрін өзгертіп тұру керек
-Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.
- Тамақты асықпай шайнап жеу керек
- Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
- Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек деп тамақтану мәдениетіне тоқталып өтті. «Қай дәрумен қандай тамақта көп болады?» тақырыбында оқушылар дәрумендер туралы жұмыстарын қорғап, ойларын ортаға салды. Сабақ өте қызықты өткізіліп, оқушылар көптеген ақпараттармен танысты.