«Алғыс айту»
№6 жалпы білім беретін мектебінде 2018 жылдың 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай өткізілген іс-шаралар
Анықтамасы
Мектебімізде 1-Наурыз Алғыс айту күні орай аудандық білім бөлімінен келген жоспарды басшылыққа ала отырып, жоспар жасалынып бекітілді.
Мақсаты: Балалардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу. 1 наурыз – Қазақстан Республикасы Ассамблеясының құрылған күні. Президенттің айтуынша, жыл сайын дәл осы күнді елімізді мекен ететін барлық ұлттар мен ұлыстардың бір-біріне, оларды туғанындай бауырына басқан қазақтарға алғыс айтатын күні ретінде атап өтсек әділетті болады екен.
Мектеп психологтары және пән мұғалімдері «Рахмет сізге» тақырыбында бұрыш жасап, онда адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыластарын білдірді. Сынып жетекшілер «Алғыс- ризашылық белгісі», «Алғыс айту парызым», «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. 1.03.18ж күні мектептің 9 сынып оқушылары таңертең ұстаздарға арнап «Ыстық дәліз» лебізін білдірді. Мектепке кірген ұстаздарына алғыстарын, рахметтерін айтты.