Халықаралық қарттар күніне орай өткізілген іс –шаралар » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Халықаралық қарттар күніне орай өткізілген іс –шаралар
09
апрель
2018

Халықаралық қарттар күніне орай өткізілген іс –шаралар

№6 жалпы білім беретін мектебінде Халықаралық қарттар күніне

орай өткізілген іс –шаралар туралы

анықтама

   

Мектепте 25 қыркүйек  пен  5 –ші қазан аралығында «Қарияларға бас иеміз» мерекелік кеш, концерт өткізілді..  1 – қазан күні «Қарттар күніне» арнап шағын концерт ұйымдастырылды. Бұл күні осы мектепте бұрында жұмыс істеген, қызмет атқарған апайлар  мен ағайлар мектебіміздің ардагер ұстаздары Р.Таубаева, Б.Дәуренбекова, Н.Иманбаева, Н.Махамбетова, Ф.Халықова мектепке шақырылып, оқушылар мен мектеп  мұғалімдері қарттарға өздерінің өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып, апа – әжелерінің шапағатына бөленді. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып, өнеге етті.

       Сонымен қатар мектеп әкімшілігі қарттарды мерекелерімен құттықтап, өз тілектерін  білдірді. Қарттар ризашылығын білдіріп,алғыстарын айтты. Қарттар мерекесіне арналып «Қарттарым – асыл қазынам», тақырыбы бойынша қабырға газеттері шығарылды және бастауыш сыныптарда суреттер байқауы өткізілді.

      5 – қазан күні мектеп асханасында «Мейірімділік» атты тәттілер жәрмеңкесі  өтті. 1 – 4 сыныптарда жауапты мұғалімдер С.Абдешова, А.Орынбасарова «Қарттықты түсіне біліңдер» тақырыбы  бойынша  сынып сағаттар және сурет сайысын өткізді. 5 – 7 сыныптарда «Қарты бардың қазынасы бар», тақырыбы бойынша ашық сынып сағаттар өтті. 8 – 11 сыныптарда дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері С.Тайжанов және Т.Айымбеков «Спорт жасқа қарамайды»  атты спорттық шағын-жарыс  өткізді.

       Қорыта айтқанда, барлық жасаған сый – сияпаттарымызға еңбек ардагерлері риза болып, алғыстарын білдірді.