Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептеріне арналған аудандық олимпиадада құқық негіздері пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Арыстан Батырхан марапатталды.
2024-2025 оқу жылының қазан айының 30-ы күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Спанкулова "Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт" тақырыбында семинар өтті. Мақсаты:Педагогикалық әдеп қағидаларын, ұжымдық қарым-қатынас жасау. Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементтеріне тоқталып өтті.Педагогикалық элементтердің ішінен педагогикалық этика мен такт туралы айтып өтті.
2024 жылдың 29 қазан күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі атқарылатын іс- шара жоспарына сай 8 "А,Ә" сынып оқушыларымен "Жасанды интелект" тақырыбында дебат ұйымдастырылып өткізілді. Ұйымдастырушы: Тарих пәнінің мұғалімі Ыбраева А.