«Дауылпаз ақын – ел мақтанышы» «Жалынды ақын - Махамбет» » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Дауылпаз ақын – ел мақтанышы» «Жалынды ақын - Махамбет»
08
ноябрь
2023

«Дауылпаз ақын – ел мақтанышы» «Жалынды ақын - Махамбет»

Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай 9-сыныптар арасында «Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?» деген тақырыпта сөзталас өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Гүлбаршын Жабаева мен Аида Балтабаева аталмыш іс-шараны жүргізіп, қызу да таласқа толы пікірсайыстың ұйытқысы болды. «Алаш» пен «Жалын» болып, екі топқа бөлінген оқушылар, бірі даттаушы, бірі жақтаушы болып, Махамбет жырындағы «...ерлердің ісі бағаланды ма?» деген тақырыпта сөз таластырып, ой-пікірлерін ортаға салып, дәлелдеуге тырысып бақты. Нәтижесінде әділқазылар алқасының шешімімен «Алаш» тобының оқушылары басым, айтқан дәлелдері мен пікірлері нақты делініп, жеңісті осы топқа   берді. Жалпы бүгінгі сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың сөз таластырудағы қабілет-қарымдары бағаланып, дебатқа қаншалықты дайын екендіктері сараланды. Өз тарапымыздан аталмыш іс-шараны өткізуге мұрындық болған мұғалімдерге алғыс сезімімізді білдіре отырып, талапты оқушыларды тәрбиелеудегі істеріне табыстар тілейміз.