06
декабрь
2023
«Үйірменің үйретері көп» атты үйірме жұмыстарының онкүндігінің ашылуы
«Үйірменің үйретері көп» атты үйірме жұмыстарының
онкүндігінің ашылуы
2023 жылдың 6 желтоқсан күні мектепте «Үйірменің үйретері көп» атты үйірме жұмыстарының онкүндігінің ашылуы болды. Аталған салтанатты ашылуға мектептегі алты үйірменің жетекшілері мен оқушылар қатысты. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып тұрған туа біткен қабілетін ашу, өнерге баулу мектеп мұғалімдерінің қолында. Дұрыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімнің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірменің үйретері көп. Бала білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңеюіне үйірмелердің, сыныптан тыс жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады. Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта-ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып тұрған туа біткен қабілетін ашу, өнерге баулу мектеп мұғалімдерінің қолында. Біздің мектебіміз балаларды жан-жақты дамыту мақсатында спорттық «Тоғызқұмалақ», «Қазақ күресі», «Жеңіл атлетика», «Баскетбол», «Футбол» үйірмесі жұмыс жасап келеді. Үйірмелер оқушылардың бос уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік береді. «Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп» деп халық нақыл сөзінде айтылғандай бұл үйірмелердің берері көп және жеткен жетістіктері аз емес. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші балаға дер кезінде бағдар беру, қабілетін анықтау, оның бойында тасып тұрған күш-қайрат, жігерін орынды жұмсауға үйрететін – алдымен ата-ананың, онан соң ұстаздардың міндетінде. Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», - демекші, бала тәрбиесіне отбасында өмірге келген күнінен бастап айрықша мән берейік. Балаға мұра болып жалғасып келе жатқан спорттық және ұлттық ойындар жайлы айтып, олардың қалай ойналатыны, олардың адам денсаулығына пайдасы жайлы айтып, көп мағлұмат берілді. Зер салып тыңдап отырсаңдар осы айтылған ойын түрлері батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке тағы басқа әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен. Осы ойындарымызды дәстүрлі етіп, әрі қарай дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.