06
декабрь
2023
«Асық ату» үйірмесінің кезекті сабағы
«Асық ату» үйірмесінің кезекті сабағы
2023 жылдың 6 желтоқсан күні 3-4 сыныптар арасында «Асық ату» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.Сабақтың тақырыбы «Қазақтың ұлттық ойындары: асық ату жарысы омпы ойыны». Сабақты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Акимбаев Азамат жүргізді. Асық – көнеден келе жатқан ұлттық ойын.Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны ойнатылатын. Асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген. Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жынды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы», - деп айтып кеткен ғой. Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсау және бойында тұнып тұрған туа біткен қабілетін ашу, өнерге баулу мектеп мұғалімдерінің қолында. Дұрыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімнің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірменің үйретері көп. Сабақ өте қызықты өткізіліп, оқушылардың қызығушыларын оята білді. Сабақ соңында 3 оқушы жеңіске жетіп марапатталынды.