"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" » СШ№6 Кенес
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№6 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Біртұтас тәрбие бағдарламасы"
13
декабрь
2024

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы"
«Даналық мектебі» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ырым -тыйым -әдептілік негізі» тақырыбындағы "Аналар мектебі" жоспарына сай «Қызға қырық үйден тыйым» тренинг сабағы.
  Қызға қырық үйден тыйым – қыз баланың тәрбиесіне бүкіл ауыл болып жауапкершілікпен қарау дегенді білдіреді. Қырық домдегеніміз – қыз баланы тек ата-анасы ғана емес, бүкіл қауым болып тәрбиелеп, оның ар-намысы мен өнегелі болуын қадағалау қажеттігін меңзейді. Бұл тәрбиеде қыз баланы әдептілікке, ұяттылыққа, сыпайылыққа, үлкендерді құрметтеуге, ұқыптылыққа және инабаттылыққа баулу басты орын алады.
    Тыйымдардың негізі қоғамда қыздың абыройын сақтап, оны болашақ отбасы мен ұрпағының ұйытқысы ретінде тәрбиелеуге бағытталған. Мысалы, қыз балаға қатты күлмеу, орынсыз сөйлемеу, ер адамдармен ара-қатынаста әдепті болу, киім кию мәдениетін сақтау сияқты тыйымдар қойылған. Осы тыйымдарды қыз жадында сақтау мақсатында тренинг сабақ ұйымдастырылды. «Жаңбыр» әдісі арқылы аналар қыздарына тыйымдар мен тілектерін айтты. Келесі кезекте сынып жетекшісі Калдыбаева Гүлжан «Қыз қылығымен» тақырыбында баяндама оқыды. Аналарға қыздарының қылықтары арқылы таныту үшін мимикалар көрсетілді. Аналар мимика арқылы қыздарының іс-әрекеті екендігін тауып, кейбіреуі қызынан ондай қимылдар байқамайтындығын айтты. «Почташы» әдісі арқылы қыздар аналарға, аналары қыздар көкейінде  жүрген сұрақтарын қойды. Мысалы, «Идеальды бала қандай болу керек? Неге өз балаларыңызды үнемі басқа балалармен салыстырасыздар? Балаға деген махаббатыңыз оның жетістігімен өлшенеді ме?»-деген сұрақтар қыздар тарапынан аналарға қойылып, аналарды толғандырды. Аналар тарапынан, «Қызыма толық сенім білдіргенім дұрыс па? Менен жасырған сырыңды кімге айта аласың? Қыз үшін ең жақын адам құрбысы ма, анасы ма?» деген сұрақтар қойылды. Сұрақтарына нақты жауап ала алды, қыздар ойларын жүйелі жеткізе білді.
   Сабақ қорытындысы ретінде қыздың шашқа қатысты тыйымдар айтылып, аналары қыздарының шашын өріп, сұлулыққа баулыды.